08.05.2008, 10:21 1499

Президентке Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған Ескерткіш белгісі тапсырылды

Президентке Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған Ескерткіш белгісі тапсырылды

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы Бақытбек Cмағұлды қабылдады. Ол gрезидентке Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған Ескерткіш құрмет белгісін тапсырды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ассоциация шығарған ескерткіш белгі ел дамуына, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Бауыржан Момышұлының мұрасын таратуға қосқан үлестері үшін танымал мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тағайындалады.

"Мемлекет басшысының көмек күшінің арқасында Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағы берілген болатын", - деді Б.Смағұл журналистерге берген брифингте.

Ол президентпен кездесу барысында сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісіне қатысу мәселесінің, ауған соғысы ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуы, Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуының 20 жылдығына қатысты мәселелердің талқыланғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны