27.02.2007, 14:34 3066

Президенттің Қазақстан халқына арнайтын -жаңа жолдауында әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылған - "Нұр Отан" партиясының өкілдері

АСТАНА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәрсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнайтын жаңа жолдауында әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылған, деп хабарлады бүгін "Нұр Отан" партиясының өкілдері.

"Бұл жолы айтарлықтай қуатты жолдау болмақ, себебі онда әлеуметтің мәселелерге өте мықты назар аударылған",- деп хабарлады саяси кеңестің мүшелеріне президент өзінің жаңа жолдауын таныстырған "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің отырысынан кейін өткен брифингте парламент мәжілісінің депутаты Вера Сухорукова. "Бізге сайлаушылардан келіп түсетін әлеуметтік проблемалар жөніндегі мәселелердің басым бөлігі өз шешімін табады",- деп атап көрсетті В. Сухорукова.

"Жолдаудың болашағына тоқталатын болсақ . . . Алдағы 10 жылға міндеттер қойылып, өткен жылдардың қорытындысы жасалады",- деді ол. "Аталмыш жолдау экономиканың дамуына жақсы серпін береді",- деп атап өтті Вера Сухорукова.

"Жолдаудың басты арқауы - әлеуметтік мазмұнында",- деді "Нұр Отан" парламенттік фракцияның төрағасы Имзебек Жолшыбеков. "Келешектегі саяси реформалар демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына негізделген",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны