08.10.2009, 14:09 2369

Президенттің пайымдауынша, Астанада ұлттық қазақ тағамдарын ұсынатын мейрамханалар жеткіліксіз

Президенттің пайымдауынша, Астанада ұлттық қазақ тағамдарын ұсынатын мейрамханалар жеткіліксіз

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, Астанада ұлттық қазақ тағамдарын ұсынатын мейрамханалар жеткіліксіз. Бұл туралы ол бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қалада бәрі бар, қандай елдің мейрамханасы қажет болса, соның бәрі бар, бірақ, ұлттық қазақ тағамдарын ұсынатын мейрамханалар жоқ", - деді мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, Астанадағы ойын-сауық орталықтарында қазақ тағамдары ұсынылмайды. "Жергілікті сусындар, халық музыкасы, қазақ мейрамханалары мүлдем дерлік жоқ, ойын-сауық мекемелерінің ас мәзірінен біздің тағамдарымыз бен сусындарымызды табу қиын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны