13.05.2011, 12:13 3799

Президенттің пайымдауынша, сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан халыққа шындықты айту қажет

"Алматы сейсмологиялық аймақта орналасқан. Біз халыққа шындықты айтуға тиіспіз. Біздің оңтүстік, әсіресе, тау етегі сейсмологиялық аймақта тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Жер сілкінісі болуы ықтимал ел ретінде Жапония ондай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігі жайлы балаларын мектепте үйретеді. Жер сілкінісі кезінде не істеу керектігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ирине, бұл - табиғат стихиясы, дегенмен, біз ғылыми көзқарас тұрғысынан осымен айналысуымыз керек", - деп атап өтті Президент.

Астана. 13 - мамыр. Kazakhstan Today - Президенттің пайымдауынша, сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан халыққа шындықты айту қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының активімен кеңес өткізді.

Кеңесті аша отырып, Мемлекет басшысы еліміз үшін Алматы қаласының мәні мен маңызы зор екенін атап өтті.

"Алматы сейсмологиялық аймақта орналасқан. Біз халыққа шындықты айтуға тиіспіз. Біздің оңтүстік, әсіресе, тау етегі сейсмологиялық аймақта тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Жер сілкінісі болуы ықтимал ел ретінде Жапония ондай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігі жайлы балаларын мектепте үйретеді. Жер сілкінісі кезінде не істеу керектігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ирине, бұл - табиғат стихиясы, дегенмен, біз ғылыми көзқарас тұрғысынан осымен айналысуымыз керек", - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдік қала мен облыстың сейсмологиялық шағын ауданының картасын жаңарту жөніндегі жұмыстарды жеделдетіп, сейсмологиялық қауіп туралы халыққа хабарлау және зерттеу шараларын әзірлеу, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмологиялығын күшейту жөніндегі жұмыстарды жандандырулары қажеттігін атап көрсетті.

Президент стихиялық күшті соққыларға қарамастан, барлық құтқару қызметтерінің нақты жұмысын қамтамасыз еткен Жапонияның тәжірибесін зерттеу қажеттін атап өтті. Бұрындарын Алматыда тұрғындармен үлкен жұмыстар жүргізілетін, жаттығулар өтетін, жер сілкінісі кезінде жиналатын арнайы орындар белгіленіп қойылатын, хабарландыру жүйесі әзір тұратын.

Мемлекет басшысы Үкіметке және қала әкімдігіне аталған жұмысты жандандыруды тапсырды.

Президент сондай-ақ Сейсмология институтын Төтенше жағдайлар министрлігіне беру, аталған институттың жұмысы үшін жаңа мамандар тарту, институттың зерханасын жаңа жабдықтармен жарақтандыру туралы мәселені қарау қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны