03.01.2007, 11:31 2911

Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы дипломатиялық миссиясы елшілік болып қайта құрылды

АСТАНА. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Моңғолиямен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметіне осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдау міндеттелді. Жарлық 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны