10.10.2007, 17:31 2856

Президенттің жарлығымен Серік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

Президенттің жарлығымен Серік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Президенттің жарлығымен Серік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын",- делінген 9 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған жарлық мәтінінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов облыстық мәслихатта Серік біләловтың кандидатурасын облыс әкіміне ұсынған болатын. Мәслихат депутаттары бұл кандидатураны бірауыздан қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны