29.12.2008, 13:52 3050

"Процессинговый центр" АҚ ҚР Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігіне қосымша талонды қолданысқа енгізуді тоқтата тұруды сұрады

"Процессинговый центр" АҚ ҚР Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігіне қосымша талонды қолданысқа енгізуді тоқтата тұруды сұрады

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Процессинговый центр" АҚ ҚР Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігіне қосымша талонды қолданысқа енгізуді тоқтата тұруды сұрады. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, ішкі істер министрінің жүргізуші куәлігіне қосымша талонды қолданысқа енгізуді тоқтата тұру туралы бастамасын парламентшілер қолдады.

"Жуырда мәжілістің бір топ депутаты Ішкі істер министрлігінде болды, оларға өткен кеңеңдегі есеп таныстырылды. Депутаттар ішкі істер министрінің жүргізуші куәлігіне қосымша талонды қолданысқа енгізуді тоқтата тұру туралы бастамасын қолдады", -деді ол.

Бағдат Қожахметовтың айтуынша, "Процессинговый центр" АҚ да қаржылық қиындықтарға байланысты осындай өтініш жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны