24.05.2007, 19:10 2984

Прокуратура "Айрықша қорғаудағы аумақтар туралы " заңды бұзу деректері бойынша 8 қылмыстық қозғады; 900 жуық адам жауапқа тартылды

АСТАНА. 24 - мамыр. Kazakhstan Today. 2007 жылы "Айрықша қорғаудағы аумақтар туралы " заңын сақтауға жүргізілген прокурор тексеруінің нәтижесінде сегіз қылмыстық қозғалды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылы прокуратура органдары аталмыш салада 400-ге жуық тексеру жүргізген, тексеру нәтижесінде сегіз қылмыстық іс қозғалып, мыңға жуық прокурорлық қадағалау актілері енгізілген, 900-ге жуық кінәлі тұлғалар заңда қарастырылған түрлі жауапқа тартылған",- деді С. Нұрпейісов.

Оның ақпараттарына сүйенсек, осы жылы енгізілген прокурорлық қадағалау актілері бойынша, мемлекет кірісіне 1,5 млрд теңгеге жуық экономикалық санкция қолданылып, өтелінген.

Бас прокуратураның өкілі "осы саладағы ең көп таралған заң бұзушылық жергілікті атқарушы биіліктің мемлекеттік орман қорын және айырықша қорғаудағы аумақтағы жерлерді тәркілеу және жалға беру туралы заңсыз шешімдері болып табылатындығын" атап өтті. "Қолда бар ақпараттарға сүйенсек, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары тиісті өкілеттілігі болмаса да, осы тектес 65 шешім шығарған",- деп нақталап өтті ол.

"Кейбір жағдайларда айырықша қорғаудағы аумақтағы жер телімдері мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмау барысында ғылыми, туристік және рекреациялық іс-қызметтерге берілген, мысалға мұндай деректер Алматы, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында анықталған",- деп жалғады өз сөзін С. Нұрпейісов. Сонымен қатар, оның айтуынша, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және басқа да облыстарда салықтарды төлемеу және айрықша қорғаудағы аумақтағы жерлерді пайдаланушылар тарапынан салық тіркеуінің болмауы сияқты деректер анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны