12.03.2007, 14:44 3357

Прокуратура Ақтөбе облыстық әкімшілігінің іс-қызметіндегі заң бұзу деректерін анықтады

АСТАНА. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстық әкімшіліктің іс-қызметін тексеру барысында құқықтық актілерді қабылдауда жол берілген бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, тексеру әкімнің қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бір- бірін қайталайтын ережелерін анықтады. Бірақ, бір ереже 2006 жылдың қаңтарында бекітілсе, екіншісі - 2007 жылдың қаңтарында бекітліген.

Сонымен қатар, тексеру барысында облыс әкімінің "Каспий Нефть ТМЕ" АҚ жерді уақытша ақылы пайдалану құқығын беру туралы" қаулысы мен оған қосымшада айырмашылықтар бар екендігін анықтады. Қосымшада, атап айтқанда, ауылшаруашылық өндірісінің шығынын өтеуге 7 млн 166 мың теңге бөлінеді деп көрсітілген. Ал қаулының өзінде 1 млн 510 мың теңге шығын көрсетілген. "Құқықтық актіде көрсетілген шығын көлемі есептеу актісіндегі сомадан 5 есе аз",- деп түсіндірді прокурорлар.

Сондай-ақ, облыс әкімінің А. Төлеуовты облыс әкімінің ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесшісі ретінде тағайындау туралы қаулысы тексерушілердің күмәнін туғызды.

Тексерушілер атап өткендей, "облыс әкімінің аппарат құрылымына сәйкес "облыс әкімінің кеңесшісі" лауазымы әкімшілік мемлекеттік қызметкер санатына жатады". Сонымен қатар, мұндай лауазымға тағайындау туралы шешім конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша қабылдануға тиіс". "Сондай-ақ, тұлғаны қоғамдық негізде қандай да бір жұмысқа тағайындау облыс әкімінің құзырына кірмейді",- деп көрсетілген хабарламада.

"Құқықтық актілерді қабылдау барысында жол берілген осы және басқа да заң бұзушылықтарды жою мәселесін облыстық прокуратура өз таныстыруымен облыс әкімінің алдына қойды",- делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны