27.07.2007, 10:47 3172

Прокуратура әскери бөлімшелердегі ұрлық салдарынан келген шығынды қайтарып алуға қол жеткізді

АСТАНА. 27 - шілде. Kazakhstan Today. Прокуратура әскери бөлімшелердегі ұрлық салдарынан келген 5 млн теңгеге жуық көлемдегі шығынды қайтарып алуға қол жеткізді. Бұл туралы кеше Бас прокуратурадағы баспасөз мәслихатында оның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім еті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Прокурорлардың қабылдаған шаралары әскери бөлімшелердегі ұрлық салдарынан келген 15 млн теңгеден астам көлемдегі шығынның 5 млн теңгеге жуығын қайтарды",- деп түсіндірді С. Нұрпейісов. Оның түсіндіруінше, "Орталық аймақтың әскери прокуратурасы № 50185 әскери бөлімшесін тексеру барысында осы бөлімшенің қаржы қызметінің екі қызметкерінің 3 млн-нан астам теңгені жымқыру дерегі анықталған".

Оның ақпараттарына сүйенсек, ақшаны "қызметкерлер мен жұмысшыларға ақшалай үлес пен жалақы, сонымен қатар әскери қызметкерлерге коммуналдық қызмет үшін ақшалай өтемақы төлеу туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жасауда қызметтік жалғандық арқылы" ұрланған.

"Аталмыш дерек бойынша прокуратура Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 314-бабының 2-тармағы (лауазымды тұлғаның қызметтік жалғандық жасауы) мен 177-бабының 3-тармағы (ірі көлемде жасалған алаяқтылық) бойынша қылмыстық іс қозғаған",- деп қосты Бас прокуратура өкілі. С. Нұрпейісовтың айтуынша, аталмыш істі тергеу Қарағанды әскери-тергеу басқармасына тапсырылған.

"Бюджеттік қаржыны ұрлау дерегі басқа да әскери бөлімшелерде анықталған, мысалы, № 16443 әскери бөлімшеде бөлімше командирінің көмекшісі мен бухгалтер 8 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған, ал № 40398 бөлімшесінің қаржы қызметінің бастығы 700 мың теңгеден астам ақшаны ұрлаған, сондай-ақ № 15701 бөлімшенің командирі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы мен бухгалтер-кассир 3 млн теңгеден астам ақшаны қолды қылған",- деді ол.

"Барлық ұрлық деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген, сондай-ақ ұрланған қаржының қалған сомасын қайтаруға байланысты жұмыстар өз жалғасын табуда",- деп қорытындылады С. Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны