18.07.2014, 19:12 2870

Прокуратура I жарты жылдықта 17 млрд. теңге мемлекет шығынының алдын алды

Бас прокуратура І жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 17 млрд. теңге көлемінде мемлекет шығынының алдын алды, - деп ведомсвтоның кеңейтілген отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлім етті.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Бас прокуратура І жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 17 млрд. теңге көлемінде мемлекет шығынының алдын алды, - деп ведомсвтоның кеңейтілген отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлім етті.

"Прокурорлар мемлекеттік сатып алу саласында белсенді әрі ескерту жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары прокурорларының ерең еңбегін атап өтсе болады. Олар 90 байқауды болдырмады және 17 млрд. теңге мемлекет шығынының алдын алды", - деді А. Дауылбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау алдыңғы қатарда болды.

"Мемлекетке 38 млрд. теңгеден астам шығын өндіріліп берілді. Бұл өткен жылдың жылдық көрсеткішінен едәуір жоғары", - деді Бас прокурор.

Сонымен қатар ол, жалған кәсіпкерлікпен байланысты мәліметтерді де мысалға келтірді.

"Сот төрағалары прокурорлардың жалған кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеуден алып тастау бойынша 222 арызын қанағаттандырды. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 27,4 млрд. теңгені құрады. Жалған келісімге отыру бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды", - деді А. Дауылбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны