12.12.2019, 15:26 24806

Прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетінің жолы кесілді

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. ("Қорқытып алушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, 2019 жылғы желтоқсанда прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік өкілінен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алумен байланысты әрекетінің жолын кесті.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден қорқытып алынатын 50 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. ("Қорқытып алушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны