28.02.2013, 13:55 6587

Прокурор "Бесобаны" қабылдап алған МСҚББ бұрынғы басшысын 6 жылға соттауды сұрады

"Жасалған қылмыстың ауырлығын және келтірілген шығынды есепке ала отырып, А. Воробьевты ҚР ҚК-нің 307 бабы, 4 бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен және 4 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салумен 6 жылға соттауды сұраймын", - деді жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Рауан Тобықов.

Қарағанды. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағандының Қазыбек би атындағы сотында "Бесоба" ТК-де болған жағдайға байланысты қызметтік бабын асыра пайдаланған Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Александр Воробьевтің ісіне қатысты жарыссөздер өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жасалған қылмыстың ауырлығын және келтірілген шығынды есепке ала отырып, А. Воробьевты ҚР ҚК-нің 307 бабы, 4 бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен және 4 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салумен 6 жылға соттауды сұраймын", - деді жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Рауан Тобықов.

Тексеру нәтижесінде А. Воробьевтің "Бесоба" ТК-де тиісті құжаттарсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңсыз рұқсат бергендігі анықталды.

Дегемен, сотталушы өзінің кінәсін мойындамауда.

"Тағылған айыппен келіспеймін. Ол дәлелденген жоқ. Барлық фактілер бұрмаланған", - деді А. Воробьев.

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуір күні сағат 10.55-те Қарағандының "Бесоба" шағынауданында үлескерлік қатысумен үш жыл бұрын салынған бес қабатты тұрғын үйдің 4 кіреберісі бар блогы опырылып құлаған еді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні салмақ түсетін негізгі құрылыс тіректері бұзылған болатын.

Апатты үйден 138 адам көшіріліп, Қарағанды әкімінің 3 сәуірдегі өкімімен үйге ТЖ режимі енгізілді.

Опырылып құлаған үйдің тұрғындарына келтірілген шығын 545,3 млн. теңгені, соның ішінде пәтерлердің бағасы 328,8 миллион теңгені құрады.

Үйдің опырылып құлау фактісі бойынша салушылар, жобалаушылар, мемлекеттік комиссияның төрағасы мен мүшелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргізген лауазымды тұлғаларға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасарлары Виктор Иванов пен Сергей Грибенщиков, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау облыстық басқармасының бұрынғы бастығы Александр Воробьев қамауға алынды.

Үйдің құрылысымен айналысқан "Сервиспромснаб" ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үстінде. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, бой тасалап жүрген компания басшысына іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны