27.02.2012, 11:48 3073

Путинге қастандық жасауға дайындалып жатқан лаңкестер ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген бандиттер сайлаудан кейін Мәскеуге келіп, бірнеше жарылыс жасауға бел буғандарын мойындады. Бомбалар қазірдің өзінде астанаға жеткізіліп, Кутузов даңғылы аймағында жасырылған.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Путинге қастандық жасауға дайындалып жатқан лаңкестер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Украина мен Рейдің арнайы қызметі Одессада Владимир Путинге қастандық жасауға дайындалып жатқан лаңкестерді ұстаған.

Халықаралық іздеуде жүрген бандиттер сайлаудан кейін Мәскеуге келіп, бірнеше жарылыс жасауға бел буғандарын мойындады. Бомбалар қазірдің өзінде астанаға жеткізіліп, Кутузов даңғылы аймағында жасырылған.

Ұсталған Адам Осмаевтың сөзіне қарағанда, лаңкестік әрекетке дайындық аяқталған, лаңкестердің нысанасы үкімет кортежі болыпты. Қастандықтың артында шешен экстремистерінің басшысы Доку Умаров тұр, деп хабарлайды Yтро.ru.

Астыртын әрекет алғашында тұрмыстық газ жарылды деп қабылданған Одессадағы жарылыстан кейін белгілі болды. Кейінірек пәтерде бомба жарылғаны анықталды.

Адам Осмаев пен оның әкесі Асланбек 6 ақпандағы арнайы операция барысында Одессада тұтқындалды. Оларға 4 қаңтардағы Тираспольский көшесі 24 үйдегі жарылыстан кейін іздеу жарияланған болатын, жарылыс салдарынан Шешенстанның 26 жастағы тұрғыны Руслан Мадаев көз жұмды, ал Қазақстан азаматы, 28 жастағы Илья Пьянзинді күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны