17.11.2019, 13:35 9329

Батыс Қазақстан облысында Qorgau республикалық жобасы шеңберінде адамдарға тегін заңгерлік көмек көрсетілуде

Мәселен, Орал қаласының тұрғыны Есенғали Өтегенов зағип адамдарға дербес көмекшілердің қызметін көрсету бойынша тендерді жеңіп алған ұйымға қатысты шағым түсірді. Тұрғын тендер сыбайлас жемқорлық сипатта өткізілген деген сенімде.

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында Qorgau республикалық жобасы шеңберінде өмірде тауқыметке ұшыраған адамдарға тегін заңгерлік көмек көрсетілуде. Көмекке жүгінгендерге барлық аудандар мен Орал қаласында 13 заңгер кеңес беруде. 1 тамыздан бері заңгерлік көмек мұқтаж 500 адамға көрсетілді. "Әлеуметтік" заңгерлердің қоғамдастығы құрылды. Заңгерлік факультеттердің студенттерінен құралған еріктілер тобы оған белсенді мүше болуда. Қазір QORGAU орталығында Орал қаласындағы коллердждердің құқықтық бөлімдерінің 25 студенті тағылымдамадан өтуде. Сондай-ақ, жоба аясында әлеуметтік бағыттағы "Сөйле! Говори!" атты ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілуде. Бүгінгі күні кеңсеге келіп түскен өзекті сұрпақтардың арасынан мемлекеттік әлеуметтік жеңілдіктер алу, алаяқтыққа, жұмысқа орналасуға, мемлекеттік сатып алу процедураларына қатысты сұрақтарды атауға болады. Мәселен, Орал қаласының тұрғыны Есенғали Өтегенов зағип адамдарға дербес көмекшілердің қызметін көрсету бойынша тендерді жеңіп алған ұйымға қатысты шағым түсірді. Тұрғын тендер сыбайлас жемқорлық сипатта өткізілген деген сенімде.

"Дербес көмекшілердің қызметіне ақы толық төленбейді. Төлемдер уақытылы төленбейді және сапалы төленбейді. Біздің құқықтарымызды ешкім қорғағысы келмейді. Соңғы үмітпен QORGAU-ға келдік. Біздің шағымымыз назарға ілігіп құқығымыз қорғалады деп үміттенеміз", - деді Есенғали Өтегенов.

Өз кезегінде "Ақжайық -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің төрайымы Әлия Салиева мүгедектердің құқығын қорғауға әзірлік танытты.

"Барлығын заңға сәйкестендіру үшін кей тұстарда түсініктеме беру қажет болып жатса, кейбір жерлерде мемлекеттік органдармен заңгерлік қарым-қатынасқа түсу қажет болады. Барлық мемлекеттік органдарды аралап шығып, ең соңғы үмітпен біздің заңгерлерге келіп жатады",- дейді Әлия Салиева.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны