10.02.2020, 18:45 4104

ҚР Қарулы Күштерінде танкистердің жауынгерлік оқ атуымен оқу-жаттығу өтті

Танкистер тапсырмаларын "Мәтібұлақ" полигонында жүзеге асырды. Бөлімше марш жасап, әскери көлікті бүркемелеуді, күзет пен жауынгерлік оқ атуды ұйымдастыруды орындады.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ҚК-де танкистердің жауынгерлік оқ атуымен оқу-жаттығу өтті.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жауынгерлік даярлық қарқынын жетілдіруде. Жеке жаттығулардан кейін бөлімшелер құрамында оқу-жаттығу өткізілді.

Танкистер тапсырмаларын "Мәтібұлақ" полигонында жүзеге асырды. Бөлімше марш жасап, әскери көлікті бүркемелеуді, күзет пен жауынгерлік оқ атуды ұйымдастыруды орындады. Сабақтың қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен аға лейтенант Ерғали Амангелді басшылық еткен роталық-тактикалық топ көзге түсті.

"Роталық-тактикалық топ - бұл тек жауынгерлік немесе оқу-жаттығу міндеттерін орындау кезінде қалыптастын уақытша жиынтық бөлімше болып саналады. Маған оқу-жаттығу кезінде мотоатқыштар взводы, барлау және инженерлік-саперлік бөлімшелері қарады", - деп түсіндірді 3-ші танк ротасының командирі аға лейтенант Ерғали Амангелді.

Жас командир оқу-жауынгерлік міндеттерді бірінші рет жұмыла орындаған бөлімшелерге пәрмен беріп, сонымен қатар үйлесімділігіне қол жеткізуге байланысты шешім қабылдады.

Орындалған іс-әрекетті оқу-жаттығудың жетекшісі, 1-ші танк батальонының командирі майор Нұрлан Кубашев бақылады. Оның айтуынша бақылау жүргізу одан әрі оқу-жаттығуды талдау мен зерделеуге қажет.

"Роталық-тактикалық топ барлық нысананы дәл көздей отырып, тапсырмаларды уақытылы орындады. Және ең маңыздысы аз уақытта ол уақытша әскери ұжымды біріктіре отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етті" , - деп атап өтті ол.

Қазақстанның құрлық әскерлерінде тактикалық топтарды қолдану жақында басталғанымен, алайда ұрыс алаңында түрлі әскер түрлерін бірге қолданудың тиімділігі мен мақсаттылығын көрсетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны