24.03.2019, 21:21 9460

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы және оның сыбайласы "Қазақ күресі" дүниежүзілік федерациясы" халықаралық қоғамдық бірлестігінің вице-президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

2014 - 2018 жылдары Ұлттық бюро және оның аумақтық департаменттеріндегі тергеу нәтижелері бойынша Су ресурстары комитеті және "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты 38 қылмыстық іс сотқа жолданды. 2017 және 2018 жылдары сумен жабдықтау саласын дамытуға шамамен 90 млрд. теңге бөлінген (2017 жылы - 40,5 млрд. теңге, 2018 жылы - 38,9 млрд. теңге).

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - 20 наурызда өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми уәкілі Ж. Бастарованың жария еткен ақпаратын назарларыңызға ұсынамыз. Ол өз сөзінде былай деді:

"Құрметті журналистер, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы парақорлықта әшкереленгендігі туралы ақпарат таралған болатын. Бүгін біз сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ресми ақпаратты Сіздердің назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жалпы сіздерге су ресурстары саласындағы криминогендік жағдай бойынша қысқаша шолуды жеткізгім келеді.

Біз барлығымыз, сумен жабдықтау - адамдардың тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылатындығын түсінеміз.

2017 және 2018 жылдары сумен жабдықтау саласын дамытуға шамамен 90 млрд. теңге бөлінген (2017 жылы - 40,5 млрд. теңге, 2018 жылы - 38,9 млрд. теңге).

Су ресурстары комитеті функциясының бірі - республика меншігіндегі су шаруашылығы нысандардын (су қоймалары, гидротехникалық құрылыстар, топталған суқұбырлары) пайдалану және ұстауды жүзеге асыру болып табылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметін үйлестіреді.

Аталған республикалық мемлекеттік мекеме республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін (гидротехникалық құрылыстар мен кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистралдық су құбырлары мен өзге су шаруашылығы объектілерін) пайдалануды, ұстауды, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, суарушы және ауыз суды беруді іске асырады.

2014 - 2018 жылдары Ұлттық бюро және оның аумақтық департаменттеріндегі тергеу нәтижелері бойынша Су ресурстары комитеті және "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты 38 қылмыстық іс сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал сомасы 1 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі таңда Ұлттық бюро комитеттегі қылмыстық схемаларды анықтауға бағытталған кешенді шараларды өткізді.

Осылайша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы және оның сыбайласы "Қазақ күресі" дүниежүзілік федерациясы" халықаралық қоғамдық бірлестігінің вице-президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл ретте, комитет төрағасы аталған федерацияның президенті болып табылады.

Олар 5,8 млрд. теңге сомасындағы "Соколов топтық су құбырын реконструкциялау және қосылған ауылдық елді мекендердің таратушы желілерін салу. 2-ші кезек" қызметін алу бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасу үшін мердігер ұйымның өкілінен қорқытып алу жолымен 60 млн. теңгеден астам аса ірі көлемдегі пара алуда күдікті деп танылуда.

А.ж. 16 наурызда күдіктілерге қатысты "күзетпеу ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Су ресурстары комитеті және "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы қандайда бір ақпараты бар азаматтар, біздің Агенттікке ресми хатпен, немесе Ұлттық бюро мен оның аумақтық департаменттерінің кезекші бөліміне хабарласуға болатындығын және ақпаратты Төрағаның [email protected]поштасына жолдай алатындығын атап өткім келеді.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары бюджет қаражатын жымқыруда күдікті деп танылуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары және жасырын тергеу әрекеттері аясында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары және өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Бұрынғы әкім орынбасары 5 мектеп-интернатының асханалары үшін жиһаз жеткізіліміне шарт жасасу үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілінен білім басқармасының бөлім басшысы арқылы шарттың жалпы сомасы 34,1 млн. теңгенің 15 пайызы болып табылатын 5,1 млн теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Сондай-ақ лауазымды тұлға білім басқармасының, "Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшылары және басқалармен адамдар тобында үлестес жеке кәсіпкерлер арқылы ақша қаражаттарын қолма-қолға айналдыру жолымен 2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бір көзден мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша форумдарды өткізу үшін қызметтер мен материалдарды сатып алуға бөлінген 10 млн. теңге сомасындағы ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырған.

Күдіктілер ұсталып, Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі шешілуде.

Тергеу жалғасуда.

Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде парақорлық фактілерінің жолы кесілді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің аумақтық бөлімшесінде парақорлық фактісінің жолы кесілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Қорғаныс министрлігінің "Аягөз аудандық пайдалану бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол республикалық мемлекеттік мекеменің аумағында орналасқан дүкеннің электр желілеріне кедергісіз қосылу үшін жеке кәсіпкерден 300 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Ұлттық бюро ҚР АШМ АӨК Өскемен аумақтық инспекциясында жүйелі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесті.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі Өскемен аумақтық инспекциясы басшысы және инспекцияның екі бас маманы тарапынан парақорлық фактісіанықталды.

Олар карантинге жатқызылған өнімдерге рұқсаттама құжаттарын кедергісіз беру үшін кәсіпкерлік қызмет субъектілерінен жүйелі негізде 30 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

"ҚР Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" РМК директорының м.у.а бюджет қаражатын талан-таражға салуда күдікті деп танылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқай дейінгі тергеу жүргізілуде.

Лауазымды тұлға консультациялық қызметті көрсету бойынша нақты атқарылмаған жұмыстарға азаматтық-жолдасының шотына заңсыз аудару арқылы 783 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салуда күдікті деп танылуда.

Тергеу жалғасуда.

Соңғы 2 аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жергілікті атқарушы органдар жүйесінде парақорлық фактілерінің жолы кесілді.

1. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына қатысты сотқай дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол жалпы құны 40,1 млн. теңге ШҚО Алтай қаласының көшелерін ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз ретінде тану үшін кәсіпкерден 10 пайызын шегеру түрінде 4 млн. теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Күдікті ұсталып, Өскемен қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі шешілуде.

Тергеу жалғасуда.

2. Ұлттық бюро Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысы орынбасарының қылмыстық қызметінің жолын кесті.

Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментімен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын бекіту үшін азаматтан бұрын келісілген 500 мың теңгенің бөлігі 200 мың теңге сомасындағы пара алған Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасарынақатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

3. Қостанай қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғалары күдіктелуде.

Қостанай облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментімен Қостанай қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің басшысы және осы бөлімнің жер телімдеріне құқық ресімдеу жөніндегі секторының меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Олар серіктестіктің пайдасына қосымша жер учаскесін рәсімдеу үшін 2,2 млн. теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Бөлім басшысына қатысты сотпен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Кінәсін толық мойындауына байланысты бөлімнің жер телімдеріне құқық ресімдеу жөніндегі секторының меңгерушісіне қатысты бұлтартпау шарасы қабылданған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

4. "Бәйдібек ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментімен Бәйдібек ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы және осы бөлімнің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Олар Бәйдібек ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимаратының күзетілуі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 3 млн. теңге жалпы соманың 10 пайызын шегеру түрінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен 300 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

5. Түпқараған ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы өкiлеттiктердi терiс пайдалануда күдікті деп танылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментімен Түпқараған ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ол комиссия хаттамасынан жалған үзінділер негізінде 2015-2016 жылдар аралығында сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізбей коммерциялық нысандарды салу үшін облыс тұрғындарына жер учаскелерін жалдауға ұсыну арқылы өкiлеттiктердi терiс пайдалануда күдікті деп танылуда. Жер учаскелерінің кадастрлық құны 22 млн. теңгеден астамды құрады.

Тергеу жалғасуда.

6. Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында қылмыстық қызметтің жолы кесілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментімен Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол Жаңақорған әкімі тарапынан жұмыста жалпы қамқорлығы үшін 4 ауылдық округ әкімін жалпы сомасы 375 мың теңге пара беруге алаяқтықта және айдап салушылықта күдікте деп танылуда.

Сотпен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда.

7. Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында өкiлеттiктердi терiс пайдалану фактілері анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментімен Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Олар Ақтөбе қаласында стационарлық ғимараты және қосалқы үй-жайы комплексі бар 300 төсекке арналған облыстық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы бойынша түзету жасатусыз және мемлекеттік сараптамадан өтуінсіз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп айырысу шотына 1,1 млрд. теңге көлеміндегі төлемді заңсыз аудару жолымен өкiлеттiктердi терiс пайдалануда күдікті деп танылуда. Бұл өз кезегінде заңмен қорғалатын мемлекет мүдделеріне елеулі зиян келтіруге алып келді.

Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны