10.07.2020, 14:17 5900

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті.

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді.

Алексей Цой кездесу барысында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомура мырза мен ДДСҰ Қазақстандағы өкілі доктор Кэролайн Кларинвальге еліміздегі COVID-19 таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстар мен жоспарлар жайлы айтып берді.

Іс-шаралардың қатарында - халықты ақпараттандыру, барлық деңгейдегі медициналық көмек үшін нақты нұсқаулықтар әзірлеу, медицина қызметкерлерін коронавирус инфекцияның алдын алу мен емдеудің негізгі принциптеріне оқыту және кадрлық резервті қалыптастыру сынды шаралар бар.

"Қазақстанда COVID-19 диагностикасының қолжетімділігін арттыру үшін компьютерлік томография мен цифрлық рентген-аппараттардың қызметін кеңейтеміз. Сонымен қатар, тестілеу үшін зертханалардың қуаты артып келеді", - деді Алексей Цой.

Стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау, инфекциялық және провизорлық төсектерді 50% дейін көбейту, амбулаторлық деңгейде дистанциялық консультация жасау, үйде медициналық көмек көрсету және жедел жәрдемнің қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда.

Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды. Ол үшін ведомство отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және дәрі-дәрмек сатып алу, жеткізу рәсімдерін жеделдетуде, - деді министр.

Сондай-ақ, тараптар SARS-CoV-2 вирусына қарсы бірлесіп, ынтымақтастықта күресу мүмкіндіктерін талқылады.

"БҰҰ мен ДДСҰ басшылығымен COVID-19 байланысты қажетті тауарларды жеткізу жүйесі бойынша мақсатты топ құрудың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Қазақстан, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, вируспен күресу үшін қажетті маңызды материалдарды жеткізуді ұйымдастыру жүйесіне қатысуға мүдделі", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Осы процесті үйлестіру және Қазақстан Республикасының COVID-19 байланысты жеткізуді ұйымдастыру жүйесіне қатысуы үшін қазақстандық тараптан тиісті кандидатуралар анықталды.

Кездесуге қатысушылар COVID-19 таралуының алдын алу мен күресте мәліметтер мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан тарапы аймақтардағы медицина мамандарына практикалық көмек көрсету үшін ДДСҰ сарапшыларын жіберуді ұсынды.

Кездесу соңында Алексей Цой Шимомура мен доктор Кларинваль мырзаға қойылған міндеттерді іске асыруда қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты және денсаулық сақтау саласындағы әріптестік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екенін білдірді. Алдағы уақытта да COVID-19 бойынша жүргізілетін жұмыстарға қатысты тұрақты түрде қашықтықтан онлайн-кездесулер өткізу ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны