02.07.2020, 19:50 5662

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: медициналық ұйымдарға қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті мөлшерде жөнелтіледі

Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі резерві қаражатынан жалпы сомасы 18,1 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 12,8 млрд. теңге; басқа ведомстволарға және осы іс-шараға тартылған мемлекеттік органдарға 5,3 млрд.теңге берілді.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: медициналық ұйымдарға қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті мөлшерде жөнелтіледі.

Қазіргі жағдай бойынша республикамыздағы медициналық ұйымдарға 128,7 млн. теңгеге 59 түрлі дәрілік зат жөнелтілді, сондай-ақ ҚР Үкіметінің резерві аясында жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге жеке қорғану құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алынды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өтккен "COVID - 19 диагностикалау көлемін ұлғайту. Халық арасында сұраныстың өсуіне байланысты дәрі-дәрмек пен жеке қорғану құралдарын жеткізу" тақырыбында өткен брифингте хабарлады.

Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі резерві қаражатынан жалпы сомасы 18,1 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 12,8 млрд. теңге; басқа ведомстволарға және осы іс-шараға тартылған мемлекеттік органдарға 5,3 млрд.теңге берілді.

"Қаражат жеке қорғаныс құралдарын, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. ҚР Үкіметінің 1-4 резерві аясында жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдар 6,5 млрд. теңгеге сатып алынды", - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Люмила Бюрабекова.

Коронавирус инфекциясының эпидемиясы басталғаннан Бірыңғай дистрибьютор 19 сатып алу рәсімін өткізді. Сондай-ақ, жасалған шарттар шеңберінде КВИ-мен күресу үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қосымша көлемі сатып алынды.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарға 5,7 млрд.теңгеге жеке қорғаныс құралдары мен дәрілік заттар жөнелтілді: 4 млн. жуық үш қабатты маска; шамамен 2,4 млн. төрт қабатты маска; 4 млн. астам жұп қолғап; 150 мың 1 типті обаға қарсы костюмдер және стерильді, бір реттік қорғауды күшейту үшін 5 895 жиынтық.

Бұдан басқа, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 138,8 млн.теңгеге 59 түрлі ДЗ сатып алынды.

2020 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша өңірлердегі медициналық ұйымдар коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына енгізілген вирусқа қарсы 748 900 препаратпен (541 920 таблетка мен 206 980 таблеткалы Лопинавир-Ритонавир) қамтамасыз етілген. Бұл препараттар 26 925 пациентке жетеді.

Өңірлерге 2 857 пациент үшін 160 мың таблетка Лопинавир-Ритонавир жіберілді.

Сонымен қатар, бүгінде жеткізу кестесімен қосымша сатып алу рәсімдері жүргізілуде:

2020 жылдың 15 шілдесіне дейін: 16 мың пациентке арналған 840 000 Лопинавир-Ритонавир таблеткасы; 11 мың пациентке жететін 61 300 Гидроксихлорохин ; 1 мың пациентке жететін 11 мың Ремдесивир флаконы алынады.

2020 жылдың 15 тамызына дейін: 440 960 Лопинавир-Ритонавир таблеткасы алынады, ол 7 874 пациентке жетеді.

Осылайша, 26 925 пациентке шаққанда 17 732 науқас ДЗ қамтамасыз етіледі. Қосымша сатып алуды ескерсек, дәрімен қамтамасыз ету 58 864 пациентке дейін өседі.

Вирусқа қарсы терапия орташа ауыр және ауыр жағдайда ғана қажет, ал жеңіл жағдайлар шамамен 50% құрайды.

"Қазір коронавирус инфекциясын емдеу үшін клиникалық хаттамаға енгізілген Ремдесевир препаратын сатып алу соңғы кезеңде тұр", - деді Людмила Бюрабекова.

Айта кету керек, медициналық ұйымдарға COVID-19 емдеу үшін антибиотиктердің 16 түрі үздіксіз жіберілуде.

Бүгінде медициналық ұйымдарға 830 мыңнан астам 500мг Азитромицин таблеткасы, гентамицин - 980 мыңнан астам ампула, 107 мыңнан астам Меропенем флаконы, 2,5 млн. жуық метронидазол флаконы, 3,5 млн. астам Цефтриаксон флаконы және т. б. жөнелтілді.

Анықтама: ҚР-да барлығы 41 065 симптомсыз және COVID-19 симптомды жағдай тіркелген. Тәулік ішінде 1 604 оқиға тіркелді.

13 558 науқас сауығып, бір тәулік ішінде 550 науқас үйіне шықты. Ал 188 науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Бүгінгі таңда 27 319 науқас емделуде, оның ішінде 249-ы бала. Стационарда - 11 242, амбулаторлық БАҚЫЛАУДА-16 077 ем алады.

Өткен тәулікте елімізде 489 жаңа оқиға тіркелді, өсім 2,2% құрады.

Ең көп жаңа жағдай тіркелген:

- Алматы қаласында- 86 (2,3%);

- Нұр-Сұлтан қаласында -56 (1,5%);

Ең жоғары өсім байқалады:

- ШҚО-52 (6,6%);

- Павлодар облысында - 43 (5,8%).

Өткен тәулікте тіркелген симптомсыз жағдайлар -1 115, өсім - 6,0%

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны