10.07.2020, 14:19 7528

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарады

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарады.

Қытайдың кейбір ақпарат құралдары "Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тіркелген" деген ақпарат таратып жүр.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНІН РЕСМИ ТҮРДЕ ХАБАРЛАЙДЫ.

ДДСҰ аурулардың халықаралық жіктемесіне - АХЖ 10 пневмонияны есепке алу үшін кодтар енгізгенін атап өткен жөн, бұл кезде КВИ клиникалық немесе эпидемиологиялық диагностикаланғанда, мысалы өкпенің зақымданған "күңгірт шынының" симптомы, бірақ зертханалық расталмаған.

Осы орайда өзге елдермен қатар Қазақстан да осындай түрдегі пневмонияны есепке алып, бақылап отырады. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының таралуы мен оны тұрақтандыруға бағытталған бірқатар басқару шешімдерін уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі А. Цой 9 шілдедегі брифингте елдегі пневмонияның, нақтылай түссек, бактериялық, вирустық, сонымен қатар, АХК-10 классификациясына сай "этиологиясы белгісіз вирустық пневмония" ауруларының жалпы саны туралы айтқан болатын.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қытай баспасөз құралдары таратқан ақпаратының ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНДІГІН ХАБАРЛАЙДЫ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны