12.10.2019, 21:40 8855

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Батыс Қазақстан облысында АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін келдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады.

Нұр-Сұлтан. 12 қазан. Kazakhstan Today - Б. Нұрымбетов БҚО тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауы мен АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндірді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Батыс Қазақстан облысына (бұдан әрі - БҚО) жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Дария аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасына қатысушылармен әңгімелесті. Сондай-ақ "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС-нің еңбе ұжымымен кездесті. Өткен кездесулер барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын және АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұда нәрі - ХЖҚО) қызметкерлерімен, сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен сөйлесу барысында Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін жоғарыда аталған бағдарламаға өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

"Жаңадана шылатын бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында көпбалалы отбасыларға арналған жобалар үшін микрокредиттеу мерзімін арттыру ұсынылады. Кредитті өтеу бойынша қаржылық жүктемені азайту үшін біз номиналды сыйақы ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Жеткілікті кепіл мүлкі жоқ отбасылар үшін микрокредиттерді кепілдендіру тетіктерін ауыл мен қалағабөлмей, бірыңғай оператор арқылы тарату жоспарланып отыр", - деді министр.

ҚР Еңбекминінің басшысы ауыл тұрғындарын өзі стерін және жеке шаруа қожалықтарын табысты дамытуымен құттықтады. Соның нәтижесінде дариялықтар "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының микрокредит бөлуді және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қарастыратын екінші бағытын жүзеге асыру аясында қаражат алды.

Сонымен қатар Біржан Нұрымбетов 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізу жоспарланып отырған атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі тетіктері жайында жан-жақты айтып берді.

"Ең басты принцип - мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке - көпбалалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленеді.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін келдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін болады.

"АӘК төлеу тоқтатылған жағдайда да табысы аз отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік пакет, ал көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді", - деді Нұрымбетов.

"Орал сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС өндірістік кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесуде ҚР Еңбекминінің басшысы еңбек заңнамасының сақталуын және кәсіптік жарақаттанушылықтың алдын-алуға баса назараударды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы қаласы, ШығысҚазақстан, Қарағанды және Атырау облыстарында түсіндірген болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны