02.06.2020, 21:56 6426

ҚР Экология министрлігінің басшысы "Қазгеология" басқармасының жаңа төрағасын таныстырды

Мағзұм Мырзағалиев "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басқармасының жаңа төрағасын таныстырды. Бұл қызметке Анвар Кимович Боранбаев тағайындалды.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Экология министрлігінің басшысы "Қазгеология" басқармасының жаңа төрағасын таныстырды.

Сейсенбі, 2 маусымда, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басқармасының жаңа төрағасын таныстырды. Бұл қызметке Анвар Кимович Боранбаев тағайындалды.

Министр компанияның жаңа басшысын ұжымға таныстыру кезінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың экономикадағы д?стүрлі өндіру саласының тиімділігін көтеру және Қазақстанды әлемдік геологиялық барлау нарығына шығару міндетін қойғанын еске салды. "Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау бағдарламасын ?зірлеуге ж?не осы жұмысқа назар аударуға шақырды. Жаңа басшылықтың алдында инвестиция тарту, алдыңғы қатарлы технологиялар трансферті, геологиялық саланы ғылыми-аналитикалық қолдау және т.б. міндеттер тұр, - деп атап өтті министр.

Анықтама:

А.Боранбаев 1967 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының геологиялық барлау факультетін тау-кен инженері-геофизик мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

- "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Қазақстан Каспий шельфі" АҚ қызметкері (1999-2003);

- "БанкТұранӘлем" ААҚ сарапшысы (2003-2004);

- "Танашнефтегаз" АҚ геология және өндіріс жөніндегі вице-президенті (2004-2006);

- "Теңге БК" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2006-2007);

- "Теңге БК" ЖШС бас директоры (2007-2009);

- "Қазақстан мұнай және газ институты" АҚ геология және тау-кен технологиялары жөніндегі басқарушы директоры (2009-2010 );

- "Ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер орталығы" АҚ, - Басқарма төрағасы (2016-2017 жж.)

- Сейсмология институтының директоры (2017-2018)

- "Қазгеология" ҰК АҚ

Бұған дейін Алмаз Әбдіғалымов компанияның төрағасы болған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны