05.08.2026, 19:17 84836

ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Сурет: Үкімет
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов ведомство аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметінен.

Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жылдарында облыстық қаржы басқармасында, "Профилакторий" ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда, сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы, ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары және басқа да лауазымдарда қызмет атқарған.

Сондай-ақ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымында еңбек еткен.

2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны