11.02.2021, 20:32 13021

ҚР мен ЕО арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы құрылады

М. Шоранов Қазақстандағы ЕО мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдерімен ынтымақтастықты талқылады.
Нұр-Сұлтан. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдерімен онлайн-кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жүздесуде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ЕО-ға мүше мемлекеттер арасында денсаулық сақтау және фармация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған Жол картасының жобасы талқыланды.
 

Министрлік Еуропалық Одақ елдерімен денсаулық сақтау саласындағы, әсіресе COVID-19 пандемиясымен күресте серіктестікке үлкен мән береді. Жаңа коронавирус инфекциясы эпидемиясы COVID-19 таралуын тоқтатуда халықаралық ынтымақтастық, өзара іс-қимыл және қолдаудың маңыздылығын көрсетті", - деді М.Шоранов.

 
Ол осы мүмкіндікті пайдалана отырып, COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және консультативтік көмек көрсеткені үшін Еуропалық аймақ елдеріне алғыс білдірді. Бірінші вице-министрдің пікірінше, мұның бәрі ұйымдар арасындағы серіктестік қатынасты, сондай-ақ пандемияға қарсы халықаралық ынтымақтастықты көрсетеді.
 
М.Шоранов қазір Қазақстанда өңірлердегі шектеулерді күшейту немесе жеңілдету туралы шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатынын айтты. Яғни, енгізілген қатаң шектеу шараларының арқасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Сонымен қатар, қазір халыққа тест қолжетімді, дәрілік заттарды тұрақтандыру қоры құрылды, науқастармен байланыста болған адамдарға мониторинг жүргізіледі, ақпараттық технологиялар енгізілді, халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жандандырылды, тәулік бойы режимде Call-орталықтың қызметі ұйымдастырылды және т.б. 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында халықтың тиісті топтарына жататын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды, ол вакцинаның түсуін және халықтың түрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.
 

15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінің "Спутник V" вакцинасы тіркеледі. Жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды қолдану мәселесін талқылау үшін шетелдік серіктестерді тарту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ, "QAZCOVID-IN" отандық инактивтендірілген вакцинасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ЕО мүше мемлекеттер арасында денсаулық сақтау және фармация саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобын құруға мүдделіміз", - деді М.Шоранов.

 
Осыған байланысты, ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы 2025 жылға дейінгі кеңейтілген базалық әріптестік туралы келісімге сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және фармация жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде бірлескен ынтымақтастықты жандандыруға және МСАК, ЖТМҚ, ғылым және медициналық білім беру мәселелері, МЖӘ тетігі бойынша медициналық объектілер құрылысы, қоғамдық денсаулық сақтау/санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық, IT сияқты бағыттар бойынша жол картасын орындауға мүдделі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны