19.09.2019, 18:39 18849

ҚР Қорғаныс министрлігі тұрғын үй заңнамасына өзгертулер енгізді

2018 жылдың 1 қаңтарынан ҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңы 55-бабының 6.1 тармағына сәйкес өзгерулер өз күшіне енді, бұл бойынша аталған санаттағы әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй фондынан баспанамен алмасу қамтамасыз етілген.

Нұр-Сұлтан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 19 қыркүйегінде ҚР Қарулы Күштерінде бұрын қызмет еткен әскери қызметшілерге тұрғын үйдің кілті табыс етілді. Осыған дейін әскери қызметшілер отбасымен бірге Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жекешелендіруге жарамайтын қызметтік пәтерлерде тұрған. Олар: Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы, Аягөз, Жаркент қалалары және Жетіген кенті.

ҚР Қарулы Күштері сапында 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық әскердің қатарынан шыққан әскери қызметшілердің баспана мәселесін шешу бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі тұрғын үй заңнамасына өзгертулер енгізді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан ҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңы 55-бабының 6.1 тармағына сәйкес өзгерулер өз күшіне енді, бұл бойынша аталған санаттағы әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй фондынан баспанамен алмасу қамтамасыз етілген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны