27.02.2024, 14:38 37246

ҚР Премьер-Министрінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Диляра Аленова ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, "Қазконтент" АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны