10.11.2022, 13:18 26676

ҚР Президенті еңбек сіңірген қайраткер Көпен Әмірбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

"Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды", – деп жазылған жеделхатта.
Астана. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны