20.01.2023, 09:14 15546

ҚР Президенті журналистерге қарсы бірқатар қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды

Бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс
ҚР Президенті журналистерге қарсы бірқатар қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды
Сурет: Depositphotos
Астана. 20 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы бірқатар қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.
 

Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс", - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

 
Бұған дейін БАҚ-та әйгілі журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігін белгісіз адамдар монтажды көбікпен толтырғаны туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Elmedia басылымының редакциясына бірнеше рет шабуыл жасалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны