Система Orphus

ҚР СІМ Өзбекстандағы соңғы оқиғалар бойынша мәлімдеме жасады

04.07.2022, 15:51 21051
ҚР СІМ Өзбекстандағы соңғы оқиғалар бойынша мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН. 4 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғалар бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз", - делінген СІМ мәлімдемесінде.

 
Ведомствода бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімді.
 

Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем", - деп атап өтті ҚР СІМ.


Бұған дейін Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілгені хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны