29.01.2020, 15:47 4890

ҚР Әскери-теңіз күштері арнайы тактикалық оқу-жаттығудың жауынгерлік міндеттерін пысықтады

Екінші кезеңде басқару органдарының және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамдары арнайы міндеттерді орындау аймақтарына жіберілді.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Әскери-теңіз күштері арнайы тактикалық оқу-жаттығудың жауынгерлік міндеттерін пысықтады.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - бас штаб бастығының басшылығымен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің арнайы тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды.

Оқу-жаттығу мақсатқа сәйкес үш кезеңде өткізілді.

Бірінші кезеңде ҚР ҚК ӘТК құрамалары мен бөлімдерін жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру мәселелері пысықталған болатын.

Екінші кезеңде басқару органдарының және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамдары арнайы міндеттерді орындау аймақтарына жіберілді.

Үшінші кезеңде әскери қызметшілер корабельдік-тактикалық топтары және ҚР ҚК ӘҚК армия авиациясы тығыз байланыса отырып, теңіздік операциялар бағытында, "БАТЫС" жедел қолбасшылығы өткізетін орта қарқынды операциялар аясында, шартты қарсыластар объектілерінде, әскери-барлауды, диверсиялық іс-қимылды жүргізу мәселелері бойынша практикалық дағдыларды жетілдірді.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша жүктелген тапсырмалардың бәрі толық деңгейде орындалып, көзделген мақсатқа қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны