13.02.2020, 18:05 6971

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - 2020 жылы 12 ақпанда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Шара барысында Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Республика соттарының кейбір төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтерінен босату және аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына жарияланған конкурстың екінші кезеңінің қорытындысы қарады.

Басқосуда Кеңес мүшелері сонымен қатар, зейнет жасына жеткен екі судьяның қызметінде қалу мерзімін ұзартуға келісім берді.

Кеңес мүшелері қабылдаған шешімдер жайлы толық ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында орналастырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны