28.05.2007, 13:16 2456

Рахат Илиевке халықаралық іздеу жарияланды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Рахат Илиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды. ҚР Бас прокурорының орынбасары басқарған тергеушілер тобы Венаға ұшып кетті",- деп хабарлады Б.Қожахметов.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, Қазақстанның тергеу органдары шетелдік әріптестеріне Рахат Илиевке халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. "Қызыл карточка" деп аталатын жүйе енгізілді, ондай жағдайда азамат еркін жүріп-тұра алмайды",- деді Б.Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны