19.05.2014, 19:31 3099

РБК 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын мақұлдады

РБК отырысында бірінші кезеңде әзірленген Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы мақұлданды.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. РБК отырысында бірінші кезеңде әзірленген Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы мақұлданды.

2015-2019 жылдарында экономиканың нақты өсуі 5,0 - 6,6% деңгейінде болжануда, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.

Номиналды ЖІӨ болжамдар бойынша 70,3 трлн. теңгеге дейін өседі, жан бас шаққандағы ЖІӨ 2019 жылы 20,6 мың АҚШ долл. жетеді.

Экспорт 2015 жылы 78,1 млрд. доллардан 2019 жылы 92,0 млрд. долларға өседі.

Болжамдар бойынша импорт 2015 жылы 50,5 млрд. доллардан 2019 жылы 56,1 млрд. долларға ұлғаяды.

Келесідей негізгі басымдықтары белгіленген жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат жоспарланған өсу параметрлеріне жетуге мүмкіндік береді:мМакроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау,экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы, өңірлік даму және урбанизация процесін басқару, мемлекеттік басқару жүйесі одан әрі қалыптастыру, халықаралық интеграция.

Макроэкономикалық болжам негізінде алға қойылған мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін 2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлері әзірленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны