15.01.2021, 18:35 16382

Реформалар жөніндегі кеңестің отырысында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін және елдің 2025 жылға дейінгі даму жоспарын бекіту жоспарлануда

Үкіметке бірінші жартыжылдықтың соңына дейін мемлекеттік бағдарламаларды Ұлттық жобаларға айналдыруды тапсырылған.
Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін және елдің 2025 жылға дейінгі даму жоспарын мақұлдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

29 қаңтарда реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің таяудағы отырысында мемлекеттік жоспарлаудың түбегейлі жаңа жүйесін, елдің 2025 жылға дейінгі дамуының өзектендірілген Ұлттық Жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасын мақұлдау жоспарланып отыр", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде.

 
Ол Үкіметке бірінші жартыжылдықтың соңына дейін мемлекеттік бағдарламаларды Ұлттық жобаларға айналдыруды тапсырғанын атап өтті. 
 

Осы жұмыс аясында Nur Otan сайлауалды тұғырнамасында айтылған бастамаларды бағдарламалық құжаттарға ендіру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

 

Партия ұсынған шаралар мен тәсілдер жұмысқа қабылдануға және іске асырылуға тиіс. Парламентке өткен басқа партиялардың бағдарламаларынан алынған сындарлы ұсыныстарды да Үкімет мұқият зерттейтін болады", - деп атап өтті Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны