30.12.2013, 17:37 2776

Ресей әуе шабуылына қарсы Қазақстанмен бірыңғай қорғаныс жүйесін құру туралы келісімді ратификациялады

Осы жылдың 30 қаңтарында Астана қаласында қол қойылған келісім сонымен қатар әскери ұшқыштардың Ресей мен Қазақстан шекарасынан арнайы саяси құжатсыз өту мүмкіндігін қарастырады.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Ресей Президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Иуе қорғанысы қауіпсіздігінің Бірыңғай аймақтық жүйесін құру жөніндегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісім туралы" Заңға қол қойды", деп хабарлады РБК.

ИШҚ бірыңғай жүйесін құру және қолдану бейбіт заманда ИШҚ бірыңғай жүйесінің жасағы мен күшінің бірлескен әрекеттерін үйлестіру негізінде жүзеге асады. Сонымен қатар ұлттық қолбасшылыққа тікелей әскери бағыну сақталады.

Осы жылдың 30 қаңтарында Астана қаласында қол қойылған келісім сонымен қатар әскери ұшқыштардың Ресей мен Қазақстан шекарасынан арнайы саяси құжатсыз өту мүмкіндігін қарастырады.

ИШҚ бірыңғай жүйесінің әскерін Ресей мен Қазақстан ұлттық қорғаныс министрліктерінің ұсынуы бойынша қос ел президенттері сайлаған қолбасшы басқарады.

Құжаттың мәтіні бүгін "Российская газета" басылымында жарияланады.

Заңды Мемлекеттік дума 2013 жылдың 20 желтоқсанында қабылдап, 25 желтоқсан күні Федералдық Кеңес мақұлдады. Ал келісімге 2013 жылдың 30 қаңтарында Астанада қол қойылған. Онда құжатқа РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен оның қазақстандық әріптесі Иділбек Жақсыбеков қол қойған болатын. Иуе қорғанысы қауіпсіздігінің Бірыңғай аймақтық жүйесі әскерінің қолбасшысын РФ мен Қазақстан қорғаныс министрлерінің ұсынысы бойынша екі ел президенттері тағайындайды.

Бұл құрылымның басшылығы Алматыда болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны