30.01.2014, 19:36 3407

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келеді

Сапар шеңберінде Қазақстан және Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары Иділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу арасында кездесу болады деп күтілуде. Кездесу барысында екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылау жоспарланған.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылғы 31 қаңтарда Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар шеңберінде Қазақстан және Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары Иділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу арасында кездесу болады деп күтілуде. Кездесу барысында екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылау жоспарланған.

2014 жылғы 31 қаңтарда Астанада, ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлері келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны