23.05.2008, 10:05 1446

Ресей Қазақстан ғарышкерлерінің ғарышқа тезірек ұшу мәселесін шешуге көмектесуге уәде беріп отыр

Ресей Қазақстан ғарышкерлерінің ғарышқа тезірек ұшу мәселесін шешуге көмектесуге уәде беріп отыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Қазақстан ғарышкерлерінің ғарышқа тезірек ұшу мәселесін шешуге көмектесуге уәде береді. Бұл туралы Ресей президенті Дмитрий Медведев Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Роскосмос" басшысы отырған кезде айтайын дегенім, Жұлдыздар қалашығындағы біздің екі жігітіміз ұшуға дайын және біз Ресей президентімен олардың ғарышқа ұшатындар санатында болатыны жайында сөйлестік", - деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде Д. Медведев келісімге қол жеткізілгенін және осы сәтті жақындату үшін Ресей қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап көрсетті. "Осы мәселе бойынша халықаралық серіктестермен біздің қатынастарымызды жылдамдату жөнінде Ресей ғарыш агенттігіне тиісті тапсырма бердім", - деді Д. Медведев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны