19.03.2013, 10:21 3163

Ресей қазақстандық нарыққа "Евро-2" стандартындағы арзандатылған отын тастайды

Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмырзин Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивтік сұхбатында мәлім етті.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - 2013 жылдың қаңтарында қазақстандық нарыққа Ресейден 300 мың тоннадан астам төменгі экологиялық кластағы "Евро-2" мұнай өнімдері келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмырзин Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивтік сұхбатында мәлім етті.

"Қаңтар айына Ресейден тастама бағамен шамамен 300 мың тонна мұнай өнімдері келіп түсті", - деді Қ.Құлмырзин.

"2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясы территориясында "Евро-2" төменгі экологиялық кластағы АИ-80, АИ-92 маркалы бензиннің айналымға түсуіне тиым салынғаны бәріне де мәлім. Аталған отын көлемдері Ресейде тиым салынғандықтан енді шектес мемлекеттерге, нақты айтқанда, Қазақстанға, біз арқылы Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстанға бағытталады", - деп түсіндірді МГМ өкілі.

Қ.Құлмырзиннің айтуынша, ресейлік мұнай өңдеушілері төменгі экологиялық кластағы "Евро-2" стандартындағы

отынның сұранымсыз көлемдерінен демпингілік баға белгілеу арқылы арылады.

"Бұл ресейлік мұнай өңдеу зауыттары тарапынан түсінікті маркетингтік қадам, себебі олар өз қоймаларының тауарбастылық мәселелерін шешулері тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар, ведомство департаменті басшысының айтуынша, Қазақстан нарығына ресейлік арзандатылған отынды енгізу басқа бір мәселені туындатады - отандық МӨЗ өнімдерінің сұранысқа ие болмауы, бұл өз алдына мұнай өндеушілерде қордың жиналып қалуына және мұнай өнімдерінің барлық түрлерінің өндірісін төмендетуге әкеліп соғады. Мұның нәтижесінде ішкі нарықта отандық отын үлесінің азаюы ресейлік ЖЖМ импорты көлемінің өсуіне әкеледі, деп түсіндірді Қ.Құлмырзин.

ҚР МГМ мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан ресейлік МӨЗ-нан 40% жоғары октанды мұнай өнімдерін импорттайды. 2012 жылы ҚР нарығына ресейлік отынды тасымалдаудың жалпы көлемі 1,3 млн тоннаны құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап РФ Үкіметі бекіткен төменгі экологиялық кластағы"Евро-2" бензині мен дизельдік отыны айналымына тиым салу техникалық регламенті күшіне енген болатын. Сонымен қатар, РФ Энергия министрлігінің бағалауынша, елдің ішкі нарығында төменгі октанды автобензиннің шамамен 1 млн тонна шығарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны