31.01.2014, 18:32 6025

Ресей мен Қазақстан Балқаштағы полигонды бірлесіп қолданысқа беру туралы келісті - С. Шойгу

Сондай-ақ, оның айтуынша, келісімшарттың негізгі бөлігі бойынша осы жылы Қазақстанның Қарулы Күштеріне С-300 кешені жеткізіледі, олардың ауқымы мен көлемі әуе қорғанысын қамтамасыз етуге жеткілікті.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Ресей мен Қазақстан Балқаштағы полигонды бірлесіп қолданысқа беру туралы келісті. Бұл туралы бүгін Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

"Біздің тараптар бірқатар өзекті сұрақтарды талқылады. Оның негізгілері: Балқаш кешенін қолданысқа берудің барлық бағыттағы жұмыстары мен әуе қорғанысын қамтамасыз ететін жұмыстарды жүзеге асыру. Үшіншіден, полигондардың іске қосылу сұрақтары болашақта РФ аймақтарын қаратумен жүзеге асадаы", - деді С. Шойгу.

Сондай-ақ, оның айтуынша, келісімшарттың негізгі бөлігі бойынша осы жылы Қазақстанның Қарулы Күштеріне С-300 кешені жеткізіледі, олардың ауқымы мен көлемі әуе қорғанысын қамтамасыз етуге жеткілікті.

"Оған қоса біз Балқаш полигонын бірлесіп іске қосу бағдарламасын дамыту бойынша келісімге отырдық. Ол үшін бізге арнайы мамандарды дайындау қажет. Ең бастысы - қосымша қондырғы мен сметалық жұмыстарды қамту. Біздің ынтымақтастықтың негізгі бағыты бірге өткізілетін жаттығулар. Осы жылы олар өте ауқымды және қолжетімді болады деп ойлаймын", - деді РФ ведомство басшысы.

Айта кетейік, 30 қаңтар күні РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жұмыс сапарымен ҚР-на келген болатын.

Сапар барысында тараптар әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өткен тараптар қорғаныс саласындағы ауқымды мәселелер туралы пікір алмасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны