05.10.2016, 19:59 5542

Ресей мен Қазақстан ядролық отын циклы саласындағы ынтымақтастықты кеӊейту туралы меморандум бекітті

Форум аясында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ мен РФ өӊірлерініӊ басшылары арасында меморандумға қол қойылды.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Астанада кеше өткен Қазақстан мен Ресейдіӊ өӊіраралық ынтымақтастық Форумы аясында Еуразия кеӊістігініӊ көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған іс-шараға екі елдіӊ мемлекеттік органдары мен іскерлік орта өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында сөз алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай форматтағы жыл сайынғы кездесулердіӊ екіжақты қарым-қатынасты дамытуда зор маӊызы бар екендігін атап өтті.

- Бүгін біз күн тәртібіне көлік пен логистиканыӊ өзекті мәселелерін шығарып отырмыз. Қазақстан мен Ресейге тән ортақ ерекшелік - олардыӊ аумағыныӊ кеӊдігі мен географиялық орны. Осыны бәсекелік тұрғыдағы артықшылыққа айналдыра білу керек. Атап айтқанда, біздіӊ елдер транзиттік тасымал саласында зор әлеуетке ие. Бұл бағытта біздер бәсекелес емес, стратегиялық әріптес екенімізді ерекше атап айтқым келеді. Сондықтан көлік-логистика жүйесін бірлесе дамыту қажет. Көлік саласы екі ел экономикасы өсімініӊ қозғаушы күшіне айналуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтыӊ бүгінгі таӊда Ұлы Жібек жолын жаӊғыртудыӊ негізгі буыны болып сотырғанын айтты.

- Экономикалық саясатымызды үйлестіру қажеттігі туралы таяуда өткен G20 саммитінде де айтылды. Дәл осы іс-шарада біздіӊ "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық бағдарламамыз бен Қытайдыӊ "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" атты бастамасын ұштастыру жоспарына қол қойылғаны да бекер емес. Біз жобаларды Ресеймен қатарласа отырып, бірлесе жүзеге асырғанымыз дұрыс болар еді, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміз жүзеге асырған, халықаралық көлік дәліздерініӊ конфигурациясын оӊтайландыруға мүмкіндік берген ірі инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды.

- Бірін бірі толықтыратын түрлі бағдарлар түзілді. Соныӊ барлығы халықаралық транзитті теӊізден құрлықтағы бағдарларға қайта бейімдеуге тиіс. Бұл орайда күш-жігерімізді жұмылдырып, осы бағыттағы жұмысымызды үйлестіру қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы форум барысында талқыланған мәселелерді ескере келіп, екі ел үкіметіне көлік-логистика жүйесін дамыту жөніндегі іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма беруді ұсынды.

- Жүк тасымалыныӊ, еӊ алдымен транзиттіӊ көлемін түбегейлі өзгерту үшін барлық жағдайды жасау қажет. Икімшілік рәсімдерін оӊтайландыру керек, өзара сауда-саттық барысында рәсімдердіӊ барынша жариялылығы мен рәсімдеудіӊ жеӊіл болуы қажет. Сондай-ақ Ресейдіӊ көлік инфрақұрылымына қолжетімділік мәселесі де қозғалды. Осыған байланысты, тиісті мемлекеттік органдардыӊ аталған мәселелерді өзара тиімді негізде шешкені маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев біріккен көлік-логистика компаниясыныӊ қызмет аясын кеӊейту қажеттігін айтып, Еуразия даму банкі жұмысыныӊ аспектілеріне де тоқталып өтті.

Соӊында Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысында Ресейдіӊ бірқатар өӊірімен меморандумдарға қол қою жоспарланып отырғанын еске салды.

- Форум аясында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамы мен Омбы, Түмен, Астрахань, Свердлов және Орынбор облыстарыныӊ, Алтай және Татарстан республикаларыныӊ басшылары арасында меморандумға қол қойылатын болады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді деп жоспарланып отырғандықтан, логистиканыӊ дұрыс жолға қойылуы маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Владимир Путин құттықтау сөзінде Ресейдіӊ Қазақстанмен көп жоспарлы сауда және инвестициялық қарым-қатынасын дамытуға басты назар аударатынын айтып өтті.

- Елдеріміздіӊ экономикасы бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Біз өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығында ауқымды жобаларды бірге іске асырудамыз. Технологиялық кооперацияны тереӊдетіп, ортақ көлік инфрақұрылымын салып, нығайтудамыз. Екіжақты ынтымақтастықты кеӊейтуде өӊірлер еӊ белсенді рөл атқарады, - деді Ресей Президенті.

Сондай-ақ, В.Путин көлік қызметі нарығын дамыту мәселесініӊ өзектілігін атап өтті.

- Ресей мен Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы негізгі сауда жолы тоғысында орналасқан. Бізде ортақ кедендік шекара бар және теміржол мен автокөлік жолдарыныӊ тармақталған желісіне иелік етіп, тасымалдаудыӊ жоғары деӊгейдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, - деді Ресей көшбасшысы.

Сонымен бірге, Ресей Президенті көлік-логистика саласы үшін мамандар даярлауда өзара іс-қимылды күшейтетін бірқатар халықаралық көлік жобаларына елдеріміздіӊ бірлесе қатысуына назар аударды.

Соӊында В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей тарапыныӊ "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі жұмысына белсене қатысатынын және оныӊ бағдарламасындағы 100-ден астам іс-шараны бірге ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.

Форум барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, Астана қаласыныӊ әкімі И.Исекешев, Ақтөбе облысыныӊ әкімі Б.Сапарбаев, Ресей Федерациясыныӊ көлік министрі М.Соколов, Челябі облысыныӊ губернаторы Б.Дубровский және Астрахань облысыныӊ губернаторы А.Жилкин сөз сөйледі.

***

Іс-шара қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан мен Ресейдіӊ 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Жайық (Орал) трансшекаралық өзені алабыныӊ экожүйесін сақтау туралы келісім;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы кәсіпорындардыӊ, мекемелердіӊ және теміржол көлігі ұйымдарыныӊ қызметін құқықтық реттеудіӊ ерекшеліктері туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы 1996 жылғы 18 қазандағы хаттама;- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, "Қазатомпром" ҰАК" АҚ және "Росатом" мемлекеттік корпорациясы арасында ядролық отын циклы саласындағы өзара түсінушілік және стратегиялық ынтымақтастықты кеӊейту туралы меморандум.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны