20.09.2012, 15:20 3163

Ресей мен Қазақстан Өскеменде толық циклді автомобиль зауытын салмақ

Кеше мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өткен ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастығы форумында қол қойылған уағдаластықтарға сәйкес Өскеменде "АзияАвто" алаңында таяудағы екі жылда толық циклді автомобиль зауыты салынады. Автомобильдерді және оның бөлшектерін дәнекерлеу, сырлау, құрастыру қуаттары құрылады.

Павлодар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресей мен Қазақстан Өскеменде толық циклді автомобиль зауытын салмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өткен ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастығы форумында қол қойылған уағдаластықтарға сәйкес Өскеменде "АзияАвто" алаңында таяудағы екі жылда толық циклді автомобиль зауыты салынады. Автомобильдерді және оның бөлшектерін дәнекерлеу, сырлау, құрастыру қуаттары құрылады.

Жалпы алғанда қазақстандық кәсіпорынға инвестициялар 5,7 млрд. долларды, оның алғашқы кезеңінде - 400 млн. АҚШ долларын құрайды Өнім шығару қуаты - жылына 120 мың автомобиль болмақ.

Еске сала кетейін, Өскеменде автомобиль зауытының құрылысы бойынша қол қойылған келісім бойынша "Lada Granta", "Lada Kalina-фейслифт" автомобильдерін шығару жоспарлануда, олар Орталық Азия, Закавказье елдеріне, Ресейдің Сібірі мен Қиыр Шығысына жеткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны