22.08.2007, 14:26 2766

Ресейдегі Ашулық полигонында "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды

Ресейдің Астрахань облысындағы Ашулық полигонында ТМД-ның біріккен әуеден қорғаныс жүйесінің "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының екінші кезеңінің белсенді фазасы басталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. АЛМАТЫ. Ресейдің Астрахань облысындағы Ашулық полигонында ТМД-ның біріккен әуеден қорғаныс жүйесінің "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының екінші кезеңінің белсенді фазасы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқу-жаттығулардың екінші кезеңіне 3 мыңнан астам әскери, 30-дан астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысуда Авиация саласы 100-ден астам ұшулар жасамақ".

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, " ТМД-ның біріккен әуеден қорғаныс жүйесі мен Искери-әуе күштері топтарының жауынгерлік әрекеттерін ТМД елдерінің әскери мекемелерінің басшылары қадағалайды, олар оқу-жаттығу аймағына келді".

"Оқу-жаттығулар барысында 20-дан астам зенитті және авиациялық зымырандар пайдаланылады", - деді генерал-лейтенант Владислав Стыценков Ресейдің "Новости" агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, "С-300" зенитті зымыран жүйесінің бестен астам зымыраны қанатты және баллистикалық зымыран ролін атқаратын нысаналарды атуға пайдаланылады. Ол жауынгерлік атыстарды Ресей мен Беларусьтің зенитті зымыран жүйесінің "С-300" , сондай-ақ, Қырғызстанның "С-25" жүйесінің атқыштары жүзеге асырады деп атап өтті. Генералдың айтуынша, сонымен қатар Ресей мен Беларусьтің Су-27, Ми-29 және Су-25 ұшақтарынан да зымырандар атылмақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны