10.01.2008, 16:44 2725

Ресейдің Алтай аймағының және Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының полиция қызметкерлері бірлескен шаралар кешенін жасады

Ресейдің Алтай аймағының және Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының полиция қызметкерлері бірлескен шаралар кешенін жасады

Семей. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының Алтай аймағының және Қазақстанның Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының полиция қызметкерлері бірлескен шаралар кешенін жасады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақапаратына сүйенсек, "үш аймақтың ішкі істер органдары 2008-2010 жылдарға арналған бірлескен ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған бірқатар шаралар бойынша келісті".

Ресей мен Қазақстанның полиция қызметкерлері алдарына қойған басты міндет - көрші мемлекеттердің ішкі істер органдарының өзара іс-әрекеттестігінің деңгейін көтеру. "Біз шұғыл маңызы бар ақпараттармен алмасу көлемін шын мәнінде ұлғайтпақшымыз. Сондай-ақ, бірлескен оқ-жаттығу жұмыстарын табысты өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Лариса Поломошнова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өзара ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттары шекарадағы ұйымдасқан қылмыспен, экстремистік-террористік агрессиямен күрес, есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету болып табылады. "Қазірдің өзінде шұғыл іздестіру және профилактикалық ақпаратпен алмасу мақсатында бірлескен мәліметтер қоры құрылды. Біз төтенше жағдайлар туындай қалған жағдайда өзара көмек көрсетеміз, қылмыспен күрес және оның алдын алу, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында тәжірибе алмасамыз", - деп хабарлады Л. Поломошнева.

"Іздеу салу", "Мак", "Допинг" және басқа да бірлескен операцияларды жүргізу кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігі мәселесінде екі мекеме арасындағы өзара іс-әрекетті жөнге келтіру қажет", - деп атап көрсетті Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Арман Жалмұханбетов.

Ол Шығыс Қазақстанның ерекшеліктерінің бірі ретінде үш мемлекеттің - Ресей, Қазақстан және Қытай елдерінің өзара шектескен жерінде орналасуын баса айтты. Облыс аумағы арқылы Орта Азия мен Қытайдан Ресей Федерациясына транзиттік теміржол және автомобиль жолдары өтеді. Облыс аумағында шамамен 1,5 млн адам өмір сүруде. Шығыс Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарадан кеден бекеттері арқылы өткен көлік саны жылына орта есеппен 112 мыңнан асып жығылады.

"Қылмыс көлемінің жоғарылығы жағынан Шығыс Қазақстан республикада алдыңғы орындарда. Мұның барлығы құқық қорғау органдарының жұмысына бірқатар қиындықтар туғызады. Сондықтан, біз Құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенция талаптарын, шекарадағы ынтымақтастық және экстремистік қатерге тосқауыл қою мен трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелерін ескере отырып бұл ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлеміз", - деп сөзін қорытты А. Жалмұханбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны