30.06.2015, 16:00 7563

Ресейдіӊ Еркін экономикалық қоғамдастығы Қазақстан Президентін Үлкен Алтын медалімен марапаттады

Награданы табыс еткен Еркін экономикалық қоғамдастығыныӊ басшысы, белгілі ресейлік экономист, Мәскеудіӊ алғашқы әкімі (1991-1992) Гавриил Попов өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдіӊ ЕЭҚ Үлкен алтын медалімен марапатталған тұӊғыш шетелдік азамат екенін айтты.

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - 29 маусымда Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевты "әлемдік экономиканыӊ дамуына, тарихи маӊызды бастамалары мен интеграциялық үдерістердіӊ қалыптасуы және оны жетілдіру саласындағы жоғары жетістіктері, Еуразия экономикалық одағыныӊ дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін" Еркін экономикалық қоғамдастықтыӊ (ЕЭҚ) Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Награданы табыс еткен Еркін экономикалық қоғамдастығыныӊ басшысы, белгілі ресейлік экономист, Мәскеудіӊ алғашқы әкімі (1991-1992) Гавриил Попов өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдіӊ ЕЭҚ Үлкен алтын медалімен марапатталған тұӊғыш шетелдік азамат екенін айтты.

-Осы наградамен марапаттау туралы шешімді қабылдағанда, біз, біріншіден Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қазіргі замаӊғы экономикалық үдерістердіӊ дамуына қосқан үлесін есепке алдық. Нұрсұлтан Ибішұлы индустриалды қоғамынан индустриалды дамыған қоғамына көшудіӊ проблемаларын теориялық негіздеме берген бірінші ірі саясаткерлерініӊ қатарына кіреді.

Екіншіден, Қазақстан Президенті дүниежүзілік қоғамдастық бір аймақты емес, керісінше бір бірімен бейбіт әрі тығыз байланыста болған көптеген қоғамдастықтардан қалыптасқаны жөн деген түсінушіліктіӊ пайда болуына маӊызды үлес қосты. Қазіргі кезде барлығымыз оныӊ жобасы бойынша құрылған Еуразия экономикалық одағына куә болып отырмыз.

Үшінші себебі, ол қазіргі қоғамда болып жатқан ішкі ұйымдастыру үдерістерімен байланысты болуда. Поповтыӊ айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев басынан бастап аумақтық ерекшеленуден бас тартып, ұлт мәселесін шешу жолында ұлттық-мәдени автономияға басымдық беруге негізгі көӊіл бөлуде. Ресейде, Югославияда орын алған оқиғаларды зерттей отырып, және қазіргі - Испания мен Каталониядағы, Ұлыбритания мен Шотландиядағы жағдайларға қарап, Қазақстан көшбасшысыныӊ ұстанымы дұрыс болғанын көрудеміз.

Төртіншіден, Ресей және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тұрақты түрде дамуына және нығаюына Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ жеке қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді, - деді ресей академигі.

Өз кезегінде, Медальды қабылдаған Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Г.Поповқа ҚР Президентініӊ экономика ғылымдағы қызметіне жоғары баға бергені үшін алғысын айтты. - Бүгінгі марапат жай құрмет көрсету ғана емес, бұл Н.И.Назарбаевтыӊ еуразиялық диалогыӊ нығаюына, Ресеймен тату көршілес қатынастардыӊ дамуына қосқан аса зор ғылыми және тәжірибелік үлесін мойындау белгісі болып есептеледі, - деді Елші.

Марапаттау рәсімі соӊында Марат Тәжин ЕЭҚ өкілдерін биылғы жылы Қоғамдастықтыӊ 250-жылдығымен құттықтап өтті.

Салтанатты іс-шараға Ресейдегі Қазақстан Елшілігініӊ қызметкерлері мен БАҚ өкілдері де қатысты.

Ресейдегі Қазақстан Елшілігініӊ баспасөз-қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны