12.06.2008, 16:39 2598

Ресейдің Новосибирск облысында лаңкестікке қарсы жаттығулар өтті

Ресейдің Новосибирск облысында лаңкестікке қарсы жаттығулар өтті

Павлодар. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Новосибирск облысында лаңкестікке қарсы кең ауқымдағы жаттығулар өтті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне бүгін Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосибирск облыстық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаттығу барысында "Толмачево" әуежайындағы "S7" әуе компаниясының кепілге алынған ТУ-154 ұшағындағы қарулы топ ұстап отырған адамдарды кепілден босату шаралары пысықталды.

Сценарий бойынша, ұшақта 200 жолаушы мен 5 экипаж мүшелері қамалып отырды. Обь қаласының муниципалдық аумағы контртеррористік операция аймағы деп жарияланды. Бұл аумаққа тиісті құқықтық режим енгізілді. Обь қаласына арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарының бөлімшелері енгізілді.

"Жаттығу Ұлттық антитеррористік комитеттің жаттығу жоспарына сәйкес өткізілді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Бұл жұмыс халықаралық лаңкестік акцияларының алдын алуға байланысты ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны