12.03.2008, 18:18 2927

Ресей-Қазақстан шекарасында ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны Қазақстанға заңсыз әкелуге жасалған әрекеттің жолы кесілді

Ресей-Қазақстан шекарасында ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны Қазақстанға заңсыз әкелуге жасалған әрекеттің жолы кесілді

Павлодар. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосибирск облыстық шекаралық басқармасы мен Сибирь оперативтік кеден қызметінің мамандары бірлескен тексеру барысында Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы жалпы алғанда 5 млн рубль көлеміндегі шетелдік және ресейлік валютаны заңсыз алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісіне Сибирь оперативтік кеден қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, контрабандалық әрекетті Қарасу кеден бекеті арқылы Қазақстанға автокөлікпен бет алған Ресей азаматы жүзеге асырмақ болған. Тексеру барысында одан белгіленген түрде жазбаша рәсімделмеген 120 мыңнан астам евро мен 700 мың рубль шықты.

Сибирь оперативтік кеден қызметінің баспасөз хатшысы Екатерина Бондаренконың айтуынша, "ұсталғанның үстінен РФ Қылмыстық кодексінің 188 -бабының 1-тармағы бойынша (Контрабанда) қылмыстық іс қозғалды, оған сәйкес ол 5 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс".

Баспасөз қызметі еске салғандай, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау жөніндегі" Федералдық заңның 15-бабына сәйкес, жеке тұлғалар 10 мың АҚШ долларына асатын көлемдегі шетел валютасы мен (немесе) РФ валютасын бір жолда шығаруына жол берілмейді. Оған егер ақша бұған дейін Ресей Федерациясына кедендік заңнама талаптарын сақтай отырып, кедендік декларация мен оның елге енгізілгендігі немесе аударылғандығын растайтын басқа да құжаттарға сай енгізілген немесе аударылған жағдайларда ғана рұқсат беріледі.

"Жеке тұлғалар 3 мың АҚШ долларына асатын көлемдегі шетел валютасы мен (немесе) РФ валютасын бір жолда шығарған жағдайда елден шығарылатын қолма-қол шетелдік валюта мен РФ валютасының толық көлемі жазбаша түрде кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс", -дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны