19.02.2009, 19:12 3300

Ресейлік академиктер Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіріп, оны ЕурАзЭҚ және әлемдік ғылыми қоғамдастық деңгейінде талқылауды ұсынады

Ресейлік академиктер Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіріп, оны ЕурАзЭҚ және әлемдік ғылыми қоғамдастық деңгейінде талқылауды ұсынады

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ресейлік академиктер Олег Богомолов, Никлоай Петраков және Сергей Глазьев Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіріп, оны Ресей мен Қазақстандағы ғылыми форумдарда, сондай-ақ ЕурАзЭҚ және әлемдік ғылыми қоғамдастық деңгейінде талқылауды ұсынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Ғылым академиясының академиктері О.Т.Богомолов, Н.Я.Петраков және С.Ю.Глазьевтен хат келіп түсті.

"Сіздің "Российская газетаның" 2009 жылғы 2 ақпандағы санында жарық көрген "Дағдарыстан шығу кілті" атты мақалаңыз ресейлік ғылыми қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды, - деп жазады ғалымдар. - Аталған мақалада, сондай-ақ Сіздің Үндістандағы форумда атап көрсеткен халықаралық валюта-қаржы қатынастары жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарыңыз біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ әлемдік ғылыми, қаржылық және іскерлік топтарда да терең талқыланатын тақырыпқа айналатыны сөзсіз".

"Сіз көтерген мәселелер жаһандық валюта-қаржы жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырудың кілті болып табылады. Сіздің оларды өзара тиімді және әділетті серіктестік рухта шешу жөніндегі ұсыныстарыңыз жаһандық қаржылық және экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеудің бірден-бір дұрыс бағыты болып табылады".

Ресей Ғылым академиясы экономика секциясының ғалымдары әлемдік валюта-қаржы жүйесінің жағдайына және одан әрі эволюциясына зерттеулер жүргізіп, болжамдар жасауда. Оны шарпыған дағдарыс себептері талдануда және оны еңсерудің әртүрлі нұсқалары талқылануда. Экономика ғылымы жасап отырған тұжырымдар Сіздің мақалаңыздың қағидаларын бекіте түсті.

Сіздің жаңа халықаралық валюта-қаржы қатынастары жүйесіне өту туралы ұсыныстарыңыз кең ғылыми талқылауға лайықты. Илемдік қаржы дағдарысы барлық елдер мен құрлықтарды қамтыды, адамзаттың орнықты даму болашағына қатер төндіріп отыр. Біз Сіздің осы проблемалар бойынша әлемдік қоғамдастықта жүріп жатқан пікірталасқа сындарлы, қағидатты, ашық және терең сипат беруге деген ұмтылысыңызды жоғары бағалаймыз",- делінген хатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны