01.09.2006, 10:16 2478

Республика парламенті жұмысқа кірісті

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада үшінші шақырылған парламенттің үшінші сессиясының ашылуына арналған қос палатаның бірлескен отырысы басталды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі республика Елордасынан.

Бірлескен отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет мүшелері, президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысуда.

Отырысқа сенаттың 36, мәжілістің 68 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деді бірлескен отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Үшінші шақырылған парламент 2004-жылғы қарашада өз жұмысын бастады. Парламент құрамында мәжілістің 76, сенаттың 39 депутаты бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны