16.06.2008, 14:02 2763

Республика үкімет басшысы әкімдерге күз-қыс мауысымына дайындықты дұрыс қамдамағаны үшін жауапкершілік жүктейтінін ескертті

Республика үкімет басшысы әкімдерге күз-қыс мауысымына дайындықты дұрыс қамдамағаны үшін жауапкершілік жүктейтінін ескертті

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында әкімдерге күз-қыс мауысымына дайындықты дұрыс қамдамағаны үшін жауапкершілік жүктейтінін ескертті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпы бақылау жасау міндеті Өмірзақ Естайұлы сізге жүктеледі. Ұшақпен тиісті адамдарды алып, ең тауқыметті қалаларды іріктеп, шілденің аяғы мен тамыздың басында қысқа дайындық барысын тексеріп қайтыңыз", - деді Кәрім Мәсімов вице-премьер Ө. Шүкеевке қаратып айтқан сөзінде.

"Осы мәселе бойынша келесі кеңес тамыздың екінші онкүндігінде өтеді. Сіз аралап қайтқан соң бірден нәтижесін қарайық. Өткен жылы бәріңіз де проблема жоқ, бәрі жақсы деп жарқын ақпарат беріп, артынан қыстан әрең шықтық емес пе", - деді селекторлық кеңеске қатысқан өңір басшыларына қаратып айтқан сөзінде.

Осы кеңес барысында бүгін еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко "энергетикалық станцияларды жөндеу жөніндегі жоспарлы жұмыстарға қарамастан, елімізде алаңдаушылық туғызатын жайттар бар" екенін атап өтті. "Алматыда жоспарланған барлығы 23 қазандықтың әзірге біреуі де жөнделген жоқ, Алматы облысында 34 қазандықтың небәрі 4-і ғана, Шығыс Қазақстан облысында жоспарланған 99 қазандықтың небәрі 6-ы, Қарағанды облысында 28 қазандықтың 3-і ғана жөнделді", -деді ТЖМ.

Өз кезегінде "Қазақстан Темір Жолы" ҰК АҚ-ның президенті Асқар Маминнің хабарлағанындай, ол басқаратын компания "ҚР ЭМРМ үйлестіруімен қазірдің өзінде көмір жөнелте басатады және 1 қазанға дейін 26 млн тонна көмір тасымалдауды жоспарлауда, бұл былтырғы көрсеткіштен 15%-ға артық". "Бұл жылыту маусымындағы қиындықтарды азайтады деп ойлаймыз, бірақ, өкінішке орай, көмір разрездерінің ақпаратына сәйкес, әкімдіктер бюджеттік және коммуналдық мекемелер мен тұрмысқа қажетті көмір көлемі туралы ақпаратты бүгінгі күнге дейін бермеген", - деді А. Мамин.

Оның мәліметінше, тек Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстық әкімдіктер ғана "тиісті байқауларды өткізген, осы аптада көмір разрездерімен тиісті келісімдерге қол қояды". ҚР ЭМРМ Сауат Мыңбаевтың ақпаратына сәйкес, қазір Қазақстандағы электр және жылу өндіретін станцияларда 2,3 млн тонна көмір мен 121 мың тонна мазут бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны