04.09.2007, 16:15 2867

Республика үкімет басшысы Болгария премьер-министрінің орынбасары- сыртқы істер министрімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Болгария Республикасы премьер-министрінің орынбасары- сыртқы істер министрі Ивайло Калфинмен кездесті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4-қыркүйек. АСТАНА. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Болгария Республикасы премьер-министрінің орынбасары- сыртқы істер министрі Ивайло Калфинмен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сәйкес, кездесу барысында екі ел арасындағы саяси- экономикалық және мәдени салалар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың тереңдей түскені аталып өтілді.

К.Мәсімов "Қазақстан Болгарияға Балқан аймағындағы сауда- экономикалық және инвестициялық әлеуеті жоғары, сенімді әріптес ретінде қарайтынын" жеткізді.

Өз кезегінде И. Калфин Болгария инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты.

"Сонымен қатар, тараптар екі жақты тауар айналымын көбейту, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, атом өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту, Батыс Еуропа және Азия бағыттары бойынша Қазақстан мен Болгарияның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ, туризм саласы және тоқыма өнеркәсібіндегі екі жақты қарым- қатынас деңгейін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны